Шешуші кезеңде Өзбекстанды жеңді. Шахматшы қыздар жүлдеге ілікті

Qaz365.kz редакциясы

Құрама сапында Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова өнер көрсетті

Ашық дереккөздерден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында шахматтан командалық бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шахматшы қыздар шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, қола жүлде еншіледі. Құрама сапында Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова өнер көрсетті. 

1).Қытай — 17 ұпай (8 жеңіс, 1 тең) 
2).Үндістан — 15 ұпай (7 жеңіс, 1 тең,  1 жеңіліс) 
3).Қазақстан — 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліс) 

9 турдың қорытындысы бойынша қыздардың көрсеткіші:

Динара Садуақасова — 5 жеңіс, 3 тең;

Жансая Әбдімәлік — 3 жеңіс, 5 тең;

Бибісара Асаубаева — 4 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс;

Меруерт Камалиденова — 6 жеңіс, 3 жеңіліс;

Алуа Нұрманова — 3 жеңіс, 1 жеңіліс.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.