Президент Тоқаев Жәнібекті жеңісімен құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды

коллаж Qaz365.kz

Бүгін Жәнібектің жеңісін Президент те бақылаған секілді. Кәсіпқой бокста екі нұсқа белбеуін иеленген отандасымызды Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.  

 
«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» – деп жазды Президент.

Жекпе-жектің видеосын мына жерден қараңыз. 

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын.