«Еуроның иісі сезіле бергенде мұрынсыз қалдық»: Зайнутдинов Еуро-2024 іріктеу кезеңінің шешуші ойындарына қатыса ма

Qaz365.kz редакциясы

Зайнутдинов Түркия чемпионатының 12-турында жарақат алған болатын

KazFootball сайтынан

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев SE басылымына берген сұхбатында «Бешіктастың» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Сан-Марино мен Словенияға қарсы өтетін матчтарға қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бақтиер алдағы матчтарда Қазақстан құрамасының сапында болмайды. Оның қанша уақытқа саптан шыққанын білмеймін. Дәрігерлер әзірге уақытын айтқан жоқ», – деді Әдиев SE-ге.

Зайнутдинов Түркия чемпионатының 12-турында “Башакшехирмен” өткен ойында жарақат алған болатын. Бас сүйегінен, көзінен және мұрнынан жарақат алған ол ауруханаға жеткізілді.