Тоқаев барған матчта Қазақстан жеңіске жетті

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан – Сан-Марино – 3:1

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ойындағы екі голды «Тобыл» футболшысы Ислам Чесноков салды. Абат Айымбетов матч соңында пенальтиден бір доп салды. Қонақтар да қалыс қалмады. Қорытынды есеп – 3:1.

Қазақстан – Сан-Марино – 3:1

Голдар: Чесноков, 19 (1:0). Чесноков, 51 (2:0). Франчози, 60 (2:1). Айымбетов, 91-пенальтиден (3:1).

Қазақстан: Шацкий, Қайыров (Скворцов, 54), Малый, Марочкин, Быстров (Ерланов, 54), Досмағамбетов (Вороговский, 61), Чесноков, Бейсебеков, Зуев (Тапалов, 74), Оразов (Кеңесов), Айымбетов.

Қазақстан құрамасы 9 турдан кейін 18 ұпай жинап, Н тобында үшінші орында тұр. 

Словения мен Дания құрамаларының әрқайсысында 19 ұпайдан бар.

Айтпақшы, Дания мен Словения жұмадан сенбіге қараған түні Копенгагенде өзара ойнайды.

Айта кетейік, Ұлттық құраманы қолдауға осы матчқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Оның қасында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин болды.