Словениямен матчта алғашқы минуттан шығатын футболшылар белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Кездесудің алдында екі команда негізгі құрамда кімдер шығатынын жариялады

Қазақстан ұлттық құрамасы  Еуро-2024 іріктеу кезеңінің топтағы соңғы ойынын Словениямен өткізеді. Кездесудің алдында екі команда негізгі құрамда кімдер шығатынын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Словения: Ян Облак (Қ), Жан Карничник, Миха Блажич, Яка Бийол, Эрик Янжа,  Петар Стоянович, Адам Черин, Тими Элшник, Ян Млакар,  Беньямин Шешко, Андраж Шпорар;
Қосалқы құрам: Вид Белец (Қ), Мартин Турк (Қ),  Юре Балковец, Ваня Дркушич – Йон Станкович, Беньямин Вербич, Санди Ловрич, Миха Зайц, Ясмин Куртич, Лука Захович,  Жан Целар, Жан Випотник;
Бас бапкер: Матьяж Кек.


Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ), Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров, Абзал Бейсебеков (К), Исламбек Қуат, Ислам Чесноков, Рамазан Оразов,  Максим Самородов;
Қосалқы құрам: Данил Устименко (Қ), Бекхан Шайзада (Қ),  Лев Скворцов, Тимур Досмағамбетов, Әлібек Қасым, Темірлан Ерланов, Еркин Тапалов,  Аслан Дарабаев, Арман Кенесов, Александр Зуев,  Абат Айымбетов, Иван Свиридов;
Бас бапкер: Магомед Адиев.
Айта кетейік, Словения — Қазақстан кездесуі 20 қарашадан 21-не қараған түні Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан сағат 01:45-те көрсетіледі. 
Қазақстан Еуро-2024 іріктеу кезеңінің H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр.