Шавкат Рахмонов кезекті жеңісіне жетті

Qaz365.kz редакциясы

18-ші жеңісі

Ашық дереккөздерден

18-ші жеңісіне қол жеткізген Шавкат Рахмонов жеңіліссіз сериясын жалғастыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтіп жатқан UFC 296 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта Стивен Томпсонды екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 29 жастағы отандасымыздың қоржынында 17 жеңіс болса, оның қарсыласы – 40 жастағы Томпсон 17 кездесуде жеңіске жетіп, бір жекпе-жегін тең аяқтаған, сондай-ақ алты рет жеңіліс тапқан.