Ризабек Айтмұқан жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің көшін бастады

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстанның үш балуаны үздіктер қатарында

Фото: ашық дереккөзден

Біріккен күрес әлемі еркін күрестен жыл қорытындысы рейтингін жаңартты. Қазақстанның үш балуаны үздіктер қатарында, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтсақ, тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан 92 келіде көш бастап тұр.

Ал 86 келіде әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков екінші орынға орналасқан. Сол секілді 79 келіде атыраулық Болат Сақаев рейтингте төртінші тұр.

Еске салайық, отандасымыз қыркүйек айында өткен әлем чемпионатында еркін күрестен ел тарихындағы алғашқы «алтынды» жеңіп алған еді. Белградта өткен әлем чемпионатындағы шешуші жекпе-жекте Ризабек Айтмұхан Осман Нурмагомедовтен 0:2 есебімен жеңіліп жатып, 5:2 есебімен жеңісті жұлып алған болатын.

Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тумасы.