Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ол бокстағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі болашағына қатысты әлеуметтік желіде пост жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жақын арада рингке оралуым жайлы жаңалықтар болады. Жуырда ораламын», – деп жазды ол Instagram желісінде.

Данияр Елеусінов рингке соңғы рет 2023 жылдың 15 желтоқсанында Астанада өткен «ІВА чемпиондары түні» турнирінде шығып, оңтүстік африкалық Джабулани Макхенсені жеңді.