«Саясаткер де, шенеунік те емеспін»: Головкин не үшін ҰОК-ға басшы болуға келіскенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Головкин жаңа қызметіне байланысты пікірімен бөлісті

Фото: ҰОК

Бүгін Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланған Геннадий Головкин жаңа қызметіне байланысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен үшін елімізді жаңаша тұрғыда көрсету үлкен мәртебе болмақ. Маған Қазақстан ұлттық олимпиада комитетін басқаруды ұсынған кезде мен қазақстандық спорттың дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік беру шартымен ғана өз кандидатурамды ұсынуға келістім. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Мен өз ниетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыланған адаммын. Өз көзқарасым бар, көп жылдық халықаралық тәжірибем бар, команда бар, ең бастысы – менің туған елімде бәрін жүзеге асыруға деген шынайы тілегім бар», – деді Головкин.

Еске салайық, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұған дейін бұл қызметті бизнесмен Тимур Құлыбаев атқарған.