Роналдудың «тәтесі» табылды - видео

Qaz365.kz редакциясы

Ол әйелдің ескі қорадағы терезе жақтауының орнына допты теуіп, гол соғатыны желіде қызу талқыға түсті

Видеокадр/Фото: sportishka.com

Желіде орта жастағы түр-тұлғасы азиат әйелдің ала допты шебер меңгеріп, қақпаға дәл соққы жасайтын видеосы тарады. "Настоящее время" басылымы ол әйелдің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz
Ол әйелдің ескі қорадағы терезе жақтауының орнына допты теуіп, гол соғатыны желіде қызу талқыға түсті. "Азаттық" радиосының ұйғыр қызметінің арқасында бұл әйелдің кім екені белгілі болды. 

 «Қырғыз, өзбек, тәжік пе деп жатқандар бар. Видеодағы әйел – Гуля тәте. Шын есімі - Гулькиз Мемет. Қытайдың Шыңжаң аймағындағы Қашқар префектурасында тұрады. Біз оны ұлы Нұрмемет Шеріп арқылы таптық.  Міне, Нұрмемет анасымен бір қораның жанында доп теуіп тұр. Бірақ анасына қарағанда баласы Шыңжаңда танымал. Ол Үрімжідегі «Тяньшань барысы» футбол клубында ойнаған. Біз Гуля тәтенің нөмірін де тапқанбыз. Алайда хабарласпадық. Өйткені  «саяси қайта тәрбиелеу лагеріне» жіберуі ықтимал. Себебі Қытайда мұндай жағдай мұсылмандар үшін қауіпті», – делінген кадр сыртындағы дауыста.