Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Qaz365.kz редакциясы

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті

Футболдан 23 жасқа дейін Өзбекстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты. Соның арқасында Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті. Матч Катарда өтті.  Есепті Хусаин Норчаев ашты. Ал матч соңына қарай Пратам Архан автогол салып алды. Қорытынды есеп -2:0.

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболдан Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Енді олар Азия кубогының финалында Жапония мен Ирак арасындағы жеңімпаздың біреуімен кездеседі.