Стендтік атудан Қазақстан командасы Әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Стендтік атудан  Әлем чемпионаты Хорватияда өтіп жатыр

olimpic.kz

Қазақстан Хорватияда өтіп жатқан стендтік атудан Әлем чемпионатында қола медальмен марапатталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің спортшылар аралас командалар арасында "скитте" үшінші орынды иеленді. Бұл ойын түрінде еліміздің намысын Әсем Орынбай мен Эдуард Ищенко қорғады.

Бірінші орынды Ұлыбритания құрамасына бұйырса, Италия командасы екінші орынды иеленді. Француздар  Қазақстанмен бірге тағы бір "қоланы" жеңіп алды.