Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіне шыққан бірінші команда анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Команда үш жеңіс, бір тең ойыннан кейін сенімді түрде плей-оффқа шығып отыр

championat.com

Англиялық "Манчестер Сити" топтық кезеңнің төртінші тур қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасы плей-офф раундына өткен бірінші команда болып отыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"МанСити" сырт алаңда даниялық "Копенгагенімен" тең түсті - 0:0, ал дортмундтық "Боруссия" өз алаңында "Севильямен" тең тарқасты - 1:1. Осылайша, осыған дейінгі үш жеңісін қоса алғанда G тобының көш басындағы "Сити" 10 ұпай жинап, кепілді түрде топта екінші болады және ЧЛ 1/8 финалына сөзсіз өтеді. Топта екінші орында "Боруссия" (7 ұпай), "Севилья" мен "Копенгагенде" 2 ұпайдан.

25 қазандағы келесі турда, "Боруссия Дортмунд" –  "Манчестер Сити", "Севилья" - "Копенгаген" қарымта матчтері өтеді.