Алматы қаласы 10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаладан 80 шақырым радиуста жыл сайын 200-ге дейін әлсіз жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим. Қала арқылы 30-ға жуық тектоникалық бұзылулар өтеді, олардың 60 пайыздан астамы қаланың таулы аймақтарында орналасқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Назарларыңызға жер сілкінісі болған жағдайдағы қарапайым 10 қадамды ұсынамыз:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң, ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;