Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам

Qaz365.kz редакциясы

Алматы қаласы 10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан

Фото: Media.az

Алматы қаласы 10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаладан 80 шақырым радиуста жыл сайын 200-ге дейін әлсіз жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим. Қала арқылы 30-ға жуық тектоникалық бұзылулар өтеді, олардың 60 пайыздан астамы қаланың таулы аймақтарында орналасқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Назарларыңызға жер сілкінісі болған жағдайдағы қарапайым 10 қадамды ұсынамыз:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң, ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;