×

Aлты өңірде қарлы боран болады: 11 қараша арналған ауа райы болжамы

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі

Aлты өңірде қарлы боран болады: 11 қараша арналған ауа райы болжамы
Фото: Baq.kz

Қазгидромет 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мамандар алты өңірде қарлы боран болатынын болжады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Семейде жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Өскеменде де жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасың жүріп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ болады.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысыныңоңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. 

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз болады
04.12.2024ж. 15:58

Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз болады

Ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →