×

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

10 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
фото: Olivier Hoslet

"Қазгидромет" РМК 10 қарашада еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қостанайда түнде бұрқасын, күндіз көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші – 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Ақтауда түнде және таңертең тұман.

Көкшетауда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні – 23-28 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбеде көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз 15-20 м/с болады. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағандыда кей уақыттарда қар мол жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Семейде таңертең және күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с болады.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады.

Өскеменде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 17-22 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, түнде шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. 

Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады.

Павлодарда түнде қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз болады
04.12.2024ж. 15:58

Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз болады

Ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр
Облыстың таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі
Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі
Синоптиктер консультативтік болжам жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →