Қазгидромет болжамы
Қазақстанда алдағы қыс жылы әрі қарлы болмақ. Бұл жөнінде «Қазгидрометтің» 2025 жылдың қарашасынан 2026 жылдың наурызына дейінгі маусымдық ауа райы болжамынан белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айдың басым бөлігінде ел аумағында қар жауады, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда боран, көктайғақ пен тұман жиілейді.
Ауа температурасы жиі ауысып тұрады:
солтүстік, орталық және шығыста түнде +5-тен -20°С-қа дейін, күндіз +10 мен -15°С аралығында;
оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде -3 пен +7°С, күндіз +1 мен +18°С шамасында.
Қараша айы орташа есеппен нормадан бір градус жылырақ болмақ. Елдің көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде, ал батыс пен солтүстік-шығыста – сәл көбірек.
Синоптиктердің мәліметінше, 2025–2026 жылғы қыс жылы және қалыпты өтеді. Дегенмен кей кезеңде боран, қатты жел, көктайғақ және тұман болуы мүмкін.
Температура елдің көп бөлігінде қалыпты, солтүстік-батыста бір градусқа жоғары, ал қиыр солтүстік-шығыста бір градусқа төмен болады.
Жауын-шашын:
елдің басым бөлігінде – норма шамасында,
орталықта және шығыстың көп бөлігінде – нормадан аз,
оңтүстіктің кей аймақтарында – аздау түседі.
Температура нормаға жуық, тек шығыста бір градусқа төмен болуы мүмкін.
Жауын-шашын мөлшері:
елдің көп бөлігінде – қалыпты,
оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы тау және тау бөктері өңірлерінде – нормадан көп.
Барлық аймақта орташа температура нормадан 1–2 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма деңгейінде сақталады.
Ауа температурасы бүкіл елде орта есеппен бір градус жылырақ болады деп болжанады.
Жауын-шашын мөлшері:
елдің басым бөлігінде – қалыпты,
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – көбірек,
батыс өңірлерде – аздау түседі.