×

Роза Рымбаеваның 50 жылдық мерейтойлық концерті «Еуразия» телеарнасынан көрсетіледі

Роза Рымбаеваның 50 жылдық мерейтойлық концерті «Еуразия» телеарнасынан көрсетіледі

Қазақстан эстрадасының аңызы, дара дауыс иесі Роза Рымбаева өнердегі 50 жылдық шығармашылық жолын айрықша концертпен атап өтті. Ауқымды музыкалық кештің теленұсқасы көрерменге 21 және 22 наурыз күндері сағат 21:00-де «Еуразия» телеарнасынан ұсынылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Концерт бағдарламасында әншінің бірнеше буын тыңдармандарының жүрегінен орын алған хиттері шырқалып, жаңа туындылары да орындалады. Сахнада арнайы шақырылған қонақтар өнер көрсетіп, көрерменді күтпеген музыкалық тосынсыйлармен таңқалдырады.

Кеш Қазақстанның үздік музыканттарының қатысуымен және «Al Jazz Symphony» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Жарты ғасыр бойы қазақ өнерінің символына айналған әншінің мерейтойлық кеші – ұлттық эстрада тарихындағы ерекше мәдени оқиғалардың бірі.

Ұмытылмас кештің куәсі болыңыздар!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Аттан, қазақ!»: Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінің цензураға ұшыраған көрінісі туралы айтты
Бүгін, 12:36

«Аттан, қазақ!»: Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінің цензураға ұшыраған көрінісі туралы айтты

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінде режиссер Сұлтан Қожықовтың түсірген соңғы көрінісіне рұқсат берілмегенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →