×

Синоптиктер биыл қыс мезгілі қандай болатынын айтты

Синоптиктер консультативтік болжам жасады

Синоптиктер биыл қыс мезгілі қандай болатынын айтты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2024 жылғы қараша мен 2025 жылғы наурыз аралығындағы маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, қарашада аязды күндер болып, қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыс, оңтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Елдің басым бөлігінде қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман бір ай бойы күтіледі.

Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады.

Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін; батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз 0,-7°С дейін ауа температурасы төмендейді.

Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылынады: республиканың көп бөлігінде +3+8°С дейін; оңтүстік жартысында +8+15°С дейін күн жылынады деп болжанып отыр.

Жалпы қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында (нормалар қосымшада келтірілген), қиыр батыста – 1°нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болуы мүмкін. (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).

Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп (Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде), елдің оңтүстік өңірлерінде – нормадан аз болуы болжанады (елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде).

Консультативтік болжамға сәйкес қыста температура режимі климаттық норма шегінде болжанады, жауын-шашын көпжылдық нормадан асады.

Алайда жауын-шашынның тоқтауымен және температураның аномальді төмен фонымен (солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 30-45 градус аяз, елдің батысы мен оңтүстігінде 25-35 градус аяз) сипатталатын кезеңдер ықтималдығы жоққа шығарылмайды.

Қыстың алғашқы екі айы желтоқсан және қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма щамасында деп болжанады, тек қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында – нормадан 1°С жоғары болуы ықтимал. (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында).

Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері: республиканың басым бөлігіндегі нормадан көп деп болжануда; Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды және Жамбыл облыстарының солтүстік-батысында норма шамасында күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз деп болжанып отыр.

Қаңтар айында жауын шашын мөлшері: республиканың басым бөлігінде норма шамасында болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігіндегі, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік батысында, Қызылорда облысының батыс жартысында нормадан көп күтіледі;

Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде нормадан аз болуы мүмкін.

Ақпан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары, еліміздің солтүстік аймақтарында норма шамасында болжанады. Белсенді циклондар әсерінен жауын-шашын еліміздің көптеген аймақтарында нормадан асып түседі, жауын-шашын республиканың оңтүстік-батыс жартысында климаттық норма шегінде болжанады.

Наурыз – қыс пен көктем арасындағы өтпелі кезең, жылы күндерден кейін аяз бен қалың қар қайталанады.

Алдын ала болжам бойынша наурыз айында температура еліміздің басым бөлігінде нормадан 1° жоғары, республиканың оңтүстік-шығыс жартысында норма шамасында болады деп күтілуде.

Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, Қызылорда, Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау, Алматы облыстарының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында – норма шамасында, Маңғыстау облысының басым бөлігінде – нормадан аз болады, дейді мамандар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қатты жауын-шашын, көктайғақ: 19 қарашада ауа-райы қандай болады
19.11.2024ж. 08:44

Қатты жауын-шашын, көктайғақ: 19 қарашада ауа-райы қандай болады

Облыстың таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі
Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі
Қалаға жауған қалың қардан кептеліс пайда болып автобустар уақытынан кешігіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →