×

Ұлттық банк 2000 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығарды

Бұл «Сақ стилі» жаңа сериясымен шығып жатқан үшінші банкнота

Ұлттық банк 2000 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығарды
Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы 25 желтоқсанда 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бұл «Сақ стилі» жаңа сериясынан үшінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.Банкноталар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші тоқсанында беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет”, – делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

Жаңа және ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылдың 25 желтоқсаннан 2026 жылдың 24 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Иран валютасын өзгерткелі жатыр
23.12.2024ж. 11:05

Иран валютасын өзгерткелі жатыр

Валюта атауы "риалдан" жаңа бірлікке – "туманға" өзгермек
Монеталар 20 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады
Ақша айырбастау орындарындағы бағам

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →