×

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Алтынмен тең «Цифрлық монета» 2025 жылы іске қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы орайда бүгін 15 қараша  –  Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және ел қаржыгерлерінің кәсіби мерекесімен “Qaz365.kz” ұжымының атынан барша қазақстандықтарды құттықтаймыз.

«Цифрлық инвестициялық монетаның құны LBMA (Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы) белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық Банк белгілеген доллардың теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады», - деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады.

«Цифрлық инвестициялық монета» жобасы аясында монеталарды сатып алуға, Ұлттық Банкке кері сатуға, сыйлауға, сондай-ақ олардың жеткілікті саны жинақталған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын инвестициялық монетаға айырбастауға болады», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Мен – Қазақстан азаматымын, өз өнімімді шығарамын. Менің ойымша, Еуразиялық экономикалық одақ елімізді төменге тартып барады
Балакешова мораторий біткен соң, бәрі қайта тексерілген 2020–2022 жылдардағы тексерістерге тоқталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →