×

IOSCO Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы ескерту жасады

Ескертулер − инвестициялық фирмалардың атауларына ұқсас атауларды пайдаланатын жалған кәсіпорындарға байланысты

IOSCO Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы ескерту жасады
© коллаж: Қуаныш Сапарбай

 IOSCO Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы құнды қағаздар нарығындағы кәсіпкерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өздерін «инвестициялық компаниялар» ретінде көрсететін ұйымдармен шарттық қатынастарға түсу кезінде IOSCO Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) хабарламаларымен және ескертулерімен танысуға кеңес береді.

Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы өз мүшелерінен хабарлама немесе ескерту берген, юрисдикцияда инвестициялық қызметтерді көрсетуге уәкілеттігі жоқ компаниялар туралы хабарламалар мен ескертулер алып отырады. Кейбір хабарламалар немесе ескертулер уәкілетті инвестициялық фирмалардың атауларына ұқсас атауларды пайдаланатын немесе өздерін уәкілетті инвестициялық фирмалармен байланыстымыз деп жалған мәлімдеген, рұқсат етілмеген фирмаларға қатысты болып отыр.

Осы деректерді IOSCO өзінің интернет-ресурсында Investor Alerts Portal бөлімінде  осы мекенжайы бойынша тізім түрінде жариялайды.

IOSCO мүшелері хабарламалар мен ескертулерді ерікті негізде ұсынады. Хабарламалар мен ескертулердің мазмұны үшін оларды ұсынатын IOSCO мүшесі жауапкершілікте болады.

IOSCO мүшесінің атымен қатар тұрған күн –  бұл тізімде хабарлама немесе ескерту жарияланған күн болып есептеледі. Күн ретін басу арқылы IOSCO мүшесінің веб-парағындағы хабарлама немесе ескерту мәтініне қайта бағыттауға әкеледі. Барлық қажетті ақпаратты алу үшін IOSCO мүшесінің веб-парағына өту керек. IOSCO хабарламалар мен ескертулерді тек алдыңғы және ағымдағы айларда жарияланған хабарламаларды көрсететін кестеге орналастырады, бұл ретте барлық жарияланған хабарламалар кесте бағандарының мазмұны бойынша іздеуге қолжетімді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →