×

Тәжікстандағы "Халық Банкі" сатылды

Мәміленің жасалу мазмұны мен сомасы құпия сақталады

Тәжікстандағы "Халық Банкі" сатылды
Halyk Bank Tajikistan

Бүгін Тәжікстандағы Қазақстанның Халық банкінің еншілес банкін сату туралы ақпарат пайда болып, "Тәжікстан Халық Банкі" ЖАҚ акцияларының 100% сату туралы келісім жасасу туралы пресс-релиз шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

"Қазақстан Халық Жинақ Банкі" акционерлік қоғамы "Тәжікстанның халықаралық Банкі" ЖАҚ-пен келісім жасасқаны туралы хабарлады. "Тәжікстанның халықаралық Банкі" ЖАҚ барлық қажетті реттеушілік мақұлдауларға ие болды. Мәміле 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, пресс-релизде банкті қазақстандық ұйымнан тәжікстандық ұжымға беру процесі кезінде банктің жұмысы мен қызметі тоқтамастан әрі қарай жалғасатыны туралы айтылды.

"Мәміле процесінде және барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін Банк бұрын жасалған келісімдердің талаптарына сәйкес банктік қызмет көрсетудің барлық түрлерін ұсына отырып, клиенттердің жұмысы мен қызметін әдеттегідей жалғастырады", – делінген пресс релизде.

Мәміленің жасалу мазмұны мен сомасы ашық дереккөзге жария етілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мәжіліске келіп түскен жобада ставкаларды саралау көзделеді
Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →