×

Қазақ қызы Вьетнамда дәмхана ашты

«Астана» дәмханасына келген қазақстандық туристер бұл жердің таза екенін, үйде жүргендей сезінгендерін айтып жатыр.

Қазақ қызы Вьетнамда дәмхана ашты
Travelpress.kz

Әйгерім Бидахимова есімді қазақ қызы Вьетнамда «Астана» деген атпен дәмхана ашты, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Өскемендік журналист Дарын Нұрсапар Вьетнамға барған сапарында осы дәмханадан дәм татып, иесін сөзге тартқан.

Әйгерім – Вьетнамның Нячанг қаласында тұрып жатыр. Қала ел астанасы Ханойдан алыс орналасқан. Бірақ бұл жақта туристер көп. Әсіресе, ТМД елдерінен көп барады. Ащы тағдамдарға үйренбеген туристерге Әйгерімнің дәмханасы өте ыңғайлы болып тұр екен.

Вьетнамдықтардың тағамдарында дәмдеуіштер көп. Біз ондайға үйренбегенбіз. Теңіз тағамдарын жеуден қиналамыз. Сондықтан өзіміздің тағамымызды сағынамыз. Алғашқы  1-2 күн қызық көріп, дәмін татады. Сосын әріқарай қиналады, -дейді дәмхана иесі.

Әйгерімнің асханасында қазақтың ұлттық тағамдары бар. Бауырсақ, ет тағамдарын өсі пісіреді екен.

«Астана» дәмханасына келген қазақстандық туристер бұл жердің таза екенін, үйде жүргендей сезінгендерін айтып жатыр.

Өзім – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатайда туып өскенмін. Өскемендегі №20 мектепті бітірдім. Кейін Алматыда оқып, жұмыс істедім. Тігінші болып еңбек еттім. Кейін бір орында қалып қоймау үшін Оңтүстік Кореяға бардым. Одан кейін осында келдім, - дейді ол.

Travelpress.kz сайтының жазуынша, Әйгерім Оңтүстік Кореяда екі жыл жұмыс істеген. Сол жерде болашақ жары Никитаны кездестірген. Жолдасы мен енесі Татьяна кәсбіне қолдау көрсететін көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мен құзіретті емеспін – министр Яндекс таксидің баға саясатына араласа алмайтынын айтты
19.08.2025ж. 17:11

Мен құзіретті емеспін – министр Яндекс таксидің баға саясатына араласа алмайтынын айтты

Үкімет отырысында журналистер Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан Яндекс таксидің монополиясын тоқтататын шаралар қабылдана ма деген сұрақ қойды
Джевдет Йылмаз мырза Түркияға инвестиция салғаны үшін ризашылығын білдірді
Танымал онлайн сервистің логистикалық орталықтары қалай жұмыс істейді  
Жобаның инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →