×

Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады

Орталықты 60 жылдан астам тәжірибесі бар австриялық компания салатын болды

Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады
Сурет: milana-tour.ru

Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынатын болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Астанада өткен Халықаралық форум (AIF) аясында елімізде алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салу туралы Бас келісімге қол қойылды.

Ауқымды жоба Алматы облысында QSM тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында 60 жылдан астам тәжірибесі бар австриялық “Ekazent Management GmbH” компаниясы таңдалған.

Жалпы ауданы 80 000-нан 120 000 шаршы метрді қамтитын аутлет-орталық аумағында сауда галереялары, қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, балаларға арналған ойын алаңдары мен басқа да қажетті инфрақұрылымдық нысандар орналаспақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ИП салық реформасына байланысты жабылып жатыр ма? Жұманғарин қай саланың қиындағанын айтты
Бүгін, 14:27

ИП салық реформасына байланысты жабылып жатыр ма? Жұманғарин қай саланың қиындағанын айтты

Журналистер министрден кәсіпкерлердің қиындықтарға тап болып жатқаны жөніндегі пікірмен келісетін-келіспейтінін сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →