×

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты
Сурет: Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Атамекен» палатасы жүргізетін «Іскерлік климат» рейтингінде Ұлытау облысы 2025 жылдың І тоқсаны бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің көшбасшылық позицияларын иеленгенін атап өткен жөн. Осылайша, нәтиже өңірде кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін көрсетеді. 

Атап айтқанда, шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі бойынша 1-орынға ие болды. Сондай – ақ мемлекеттік органдармен мәселелерді шешудің "бейресми тәсілдеріне" салыстырмалы түрде төмен тәуелділігін көрсетеді. 

Орта бизнес бойынша да айтарлықтай ілгерілеу байқалады: облыс 2024 жылы 15-орында болса, биылғы І тоқсанда 8-орынға көтерілді. Бұл — өңірдегі кәсіпкерлік инфрақұрылымның нығайып, орта бизнеске қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын көрсететін маңызды жетістік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павел Дуров: Астанаға әйел іздеп келмедім
Кеше, 13:48

Павел Дуров: Астанаға әйел іздеп келмедім

Ол табандылықпен, толық беріле жұмыс істеу, жомарттықпен инвестиция салу және дамудың әр кезеңін терең ой елегінен өткізу қажеттігін атап өтті
Шығыс Қазақстанда «Altay Invest-2025» халықаралық форумы ашылды
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →