×

«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты

«Бір ауыл – бір өнім» мемлекеттік бағдарламасының өңірлік кезеңі өтті

«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты
Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұлытау облысында «Қазақстанның үздік тауары», «Алтын сапа» республикалық байқаулары мен ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» мемлекеттік бағдарламасының өңірлік кезеңі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көрме-байқау – отандық тауар өндірушілердің жетістіктерін көрсетіп, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға арналған маңызды алаң. Іс-шараға өңірдің өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі, былғары, киіз және күмістен жасалған қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен тұтыну тауарларын өндірушілер қатысты. Нәтижесінде 9 кәсіпорын бағалы сыйлықтармен марапатталып, республикалық байқауға жолдама алды. 

«Бүгінгі іс-шараның Ұлытау облысы үшін орны ерекше. Жас өңір ретінде біз дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, кәсіпкерлікті қолдауға, жергілікті өндірісті дамытуға басымдық беріп келеміз. Бұл байқау – өңіріміздегі іскер жандардың кәсіби деңгейін паш етуге берілген зор мүмкіндік», – деді іс-шараға арнайы қатысқан Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.

Байқау аясында «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бойынша жергілікті фермерлік шаруашылықтар ұсынған бірегей өнімдерге ерекше көңіл бөлінді. Көрме кәсіпкерлерге өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға және бизнесті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Көрме-байқауға келген тұрғындар мен қонақтар отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, өздеріне ұнаған тауарларды сатып алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті
27.06.2025ж. 12:45

Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті

Көрме жәрмеңке форматында өтіп, қонақтарсатып алу мүмкіндігіне ие болған
Қазақстандық лоукостер Skytrax World Airline Awards 2025 жүлдесіне ие болды
Қазақстандық әуе тасымалдаушы Орталық Азия мен ТМД бойынша үздік деп танылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →