×

Грузияда қараусыз қалған жеті жасар қазақстандық қыз елге қайтарылды

Грузияда қараусыз қалған жеті жасар қазақстандық қыз елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі

Грузия аумағында заңды өкілдерінің қарауынсыз және тиісті күтімсіз қалған жеті жасар Қазақстан азаматы отанына қайтарылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Баланы елге жеткізу және құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жарты жыл бойы жүргізілген.

Бұған дейін кәмелетке толмаған бүлдіршін шет мемлекетте қараусыз қалып, уақытша мамандандырылған мекемеге орналастырылған болатын. Қазіргі таңда қыз бала қауіпсіз жерде, оған қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Министрлік баланың мүддесін ескере отырып, оны отбасы мүшелеріне беру мәселесін қарастыруда.

«Кәмелетке толмаған бала шет мемлекеттің аумағында заңды өкілдерінің тиісті күтімі мен қарауынсыз қалған, ол уақытша мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Қазір қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде», — делінген ресми хабарламада.

Ведомство өкілдері ақпараттың құпиялылығына сүйеніп, баланың шетелге қалай тап болғанын және неліктен туғандарының қасында болмағанын жарияламады. Қазіргі уақытта баланың алдағы тағдыры мен туыстарына тапсырылу процесі бақылауға алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Теміртауда баланы бетінен ұрған балабақша тәрбиешісінің үстінен іс қозғалды
Бүгін, 18:01

Теміртауда баланы бетінен ұрған балабақша тәрбиешісінің үстінен іс қозғалды

Бейнежазба желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді
Тергеу нұсқасына қарасақ, ол кіші ұлын мамыр айында, ал қалғандарын қарашада өлтірген
Бұл дерек бойынша полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →