×

Талғарда дәстүрлі «Бақ күні» өткізілді: әйгілі апорт қайта жанданады

Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ

Талғарда дәстүрлі «Бақ күні» өткізілді: әйгілі апорт қайта жанданады
Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты

Бұл бастама Мемлекет басшысының апорт алмасын жандандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Аталған жоспар Талғар ауданында өткен дәстүрлі «Бақ күні» шарасында жария етілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен форумда бағбандар мен ғалымдар жеміс ағаштарын көбейту, жаңа сұрыптарды енгізу, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды пайдалану бағытында пікір алмасты. Шара ғылым, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді диалог алаңына айналды.

«Қазақстандағы селекцияның жағдайы, инновацияның жағдайы сәл де болса өзгеріс бар. Оған шүкіршілік айтамыз. Бірақ мына подвой деген дүниеде біз өңкей ескі подвойларды пайдаланып жатырмыз», – дейді шаруа қожалығының жетекшісі Тыныбай Шынтасов.

Форумның басты тақырыбы – әйгілі апортты жандандыру. Осы мақсатта облыста 110 гектар жерге алма көшеттері отырғызылмақ. Ғалымдар сапалы әрі мол өнім алуға ниетті.

«Біздің институтымыз Президент басқармасының қолдауымен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қолдауымен осы биылдан бастап апортты жандандыру үлкен жобасын жүзеге асырып жатыр», – дейді Қазақстан жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Теміржан Айтбаев.

Қазіргі таңда Алматы облысы елімізде жеміс-жидек пен көкөніс өндірісі бойынша екінші орында. Өңір ішкі нарықтың 16 пайызын қамтамасыз етеді.

«Алматы облысы бойынша 12 мың гектардан астам жер осы бақ бағытында жұмыс атқарылып жатыр. Жаңа технологияларды қосу аясында 1 гектардан 15 тоннадан 45 тоннаға дейін өнімділікті көтеруге мүмкіндік қарастырылып жатыр», – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы.

Конференция соңында елдегі селекциялық геноқорды дамытуға қатысты нақты ұсыныстар қамтылған қарар қабылданды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді
17.09.2025ж. 12:16

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді
Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» электронды порталын іске қосу жоспарланып отыр
Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушыларға арналған дербес қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілген мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын ұсынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →