×

Air Astana серіктестері мен жеткізушілеріне арналған Ашық есік күнін және ESG Awards марапаттау рәсімін өткізді

Компания бастамаларды қолдап жүрген серіктестерін марапаттады

Air Astana серіктестері мен жеткізушілеріне арналған Ашық есік күнін және ESG Awards марапаттау рәсімін өткізді
ESG

14 қазан күні Алматыда Air Astana әуе компаниясының серіктестері мен жеткізушілеріне арналған Ашық есік күні және ESG Awards марапаттарының екінші рәсімі өтті. Шара барысында компания тұрақты даму саласындағы бастамаларды қолдап жүрген серіктестерін марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ашық есік күнінің мақсаты – қазіргі серіктестермен әріптестікті нығайтып, жаңа жеткізушілерге компанияның сатып алу жүйесін таныстыру және тұрақты сатып алу саласындағы жоспарларын бөлісу.

Air Astana іс-шарада әрбір кәсіпкер тіркеле алатын цифрлық сатып алу платформасын ұсынды. Бұл жүйе жеткізушілерді тіркеуден бастап келісімшарт жасауға дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

«Біртұтас стандарттар мен цифрлық форматқа көшу сатып алу үдерісін барша жеткізуші үшін ашық әрі ыңғайлы етті», – деді сатып алу және жабдықтау жөніндегі вице-президент Диляра Күнхожаева.

Көрмеде компания сатып алатын өнімдер – униформа, арнайы киім, аяқ киім, борттық және гигиеналық тауарлар, ыдыс-аяқ және өзге де бұйымдар ұсынылды.

ESG Awards марапаты экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы бастамаларға үлес қосқан серіктестерге беріледі.

«Біз серіктестерімізге жауапты жеткізу тізбегін дамытуға және орнықты даму құндылықтарын қолдауға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз», – деді Air Astana орнықты даму департаментінің директоры Юлия Лим.

Биыл компания 11 серіктесті марапаттады. Олардың қатарында халықаралық корпорациялар, отандық өндірушілер мен шағын және орта бизнес өкілдері бар.

ESG Awards иегерлері:

  • DHL International Kazakhstan – «Орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестікті дамытуға қосқан үлесі»;

  • Formia Ltd – «Экологиялық тұрақты борттық өнімдерді дамыту»;

  • LS Astana – «Қоршаған ортаны қорғаудағы сенімді серіктестік»;

  • Real Time Engineering – «Жеткізу тізбектерін автоматтандырудағы инновация және ашықтық»;

  • ICF SH&E Ltd – «ESG саласындағы үздік көшбасшылық»;

  • Heart Center Foundation – «Өңірлік денсаулық сақтауды орнықты дамыту»;

  • Microsoft Kazakhstan – «Air Astana қызметкерлерін оқыту және дамытуға қосқан үлес»;

  • ЖК Ахметова Гаухар Нығметқызы (Киори ательесі) – «Шағын бизнесте әйелдерді қолдауға қосқан үлес»;

  • “Астана” оқу-клиникалық орталығы – «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы жемісті ынтымақтастық»;

  • Sunpaper ЖШС – «Ынтымақтастықтағы белсенді және сапалы тәсіл»;

  • Manshuq Media – «Медиа арқылы әйелдерді қолдауға қосқан үлес».

Компания бұл шара арқылы ашықтықты арттыру, жауапты серіктестікті дамыту және ESG қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған міндеттерін нақтылай түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады
11.10.2025ж. 11:46

Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады

Жобаның жалпы құны 10 миллиард теңге
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейстер ашатынын хабарлады
Ол табандылықпен, толық беріле жұмыс істеу, жомарттықпен инвестиция салу және дамудың әр кезеңін терең ой елегінен өткізу қажеттігін атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →