×

«Кадр бәрін шешеді»: Өскеменде бизнес пен білім беру саласының өкілдері кездесті

«Кадр бәрін шешеді»: Өскеменде бизнес пен білім беру саласының өкілдері кездесті

Өскеменде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың колонна залында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында республикалық кәсіби шеберлік форумы өтті. Шараны Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Talap» КЕАҚ-ның және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Форумға ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, «Talap» КЕАҚ өкілдері, кәсіпкерлер палатасы, өңірдің жоғары оқу орындары, сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан колледж директорлары мен педагогтер қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды заманауи стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптарына сай сапалы даярлау тетіктерін талқылау болды.

Форум жұмысына өңірдегі ірі әлеуметтік серіктестер – «Казцинк», Үлбі металлургиялық зауыты, «Гидросталь», Өскемен жылу желілері және басқа да кәсіпорындар белсенді қатысты.

Өңір әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысушыларды құттықтап, ШҚО колледждерінің бизнес өкілдерімен серіктестігі еңбек нарығы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер және колледждер экономиканың жедел өсуіне бейімделіп, кадр даярлауды бірге жетілдіруі қажет», – деді ол.

«Talap» КЕАҚ әлеуметтік әріптестік басқармасының басшысы Нұрлан Жанайдаров техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі бизнестің рөлі туралы баяндама жасады. Ал ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Ақылбек өңір колледждерінің жұмыс берушілермен өзара тиімді серіктестік моделін таныстырды.

Форум барысында спикерлер кәсіби шеберлікті дамытудағы үздік тәжірибелерін бөлісіп, дуальды оқыту, инновациялық тәсілдер, инклюзивті білім беру, түлектерді жұмыспен қамтуға бейімдеу және білімді цифрландыру мәселелерін талқылады.

Форум бизнес пен білім беру саласы өкілдерінің сапалы кадр даярлау ісіндегі ашық алаңына айналды.

Іс-шара бағдарламасы аясында 19 құзыреттілік бойынша 120-дан астам педагог қатысқан өңіраралық кәсіби шеберлік байқауы колледж базаларында жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейстер ашатынын хабарлады
Ол табандылықпен, толық беріле жұмыс істеу, жомарттықпен инвестиция салу және дамудың әр кезеңін терең ой елегінен өткізу қажеттігін атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →