×

«Visit Zhetysu» және «Қорғас» ШЫХО шопинг-туризмді дамытуға бағытталған ақпараттық тур өткізді

«Visit Zhetysu» және «Қорғас» ШЫХО шопинг-туризмді дамытуға бағытталған ақпараттық тур өткізді

16 қазан күні «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы «Қорғас» ШЫХО бірлесіп өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған ақпараттық тур ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі шопинг-туризм бағытын дамыту және ілгерілету болды.

Ақпараттық турға БАҚ өкілдері, облыстық әкімдік қызметкерлері, туроператорлар, тревел-блогерлер және туристік индустрия өкілдері қатысты. Қатысушылар халықаралық сауда мен мәдени алмасуды біріктіретін, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық туризмді дамытуға ықпал ететін бірегей алаң – «Қорғас» ШЫХО қызметімен танысты.

Тур барысында қатысушылар туроператорларға арналған «жасыл дәлізбен», сондай-ақ 2025 жылға жоспарланған жаңа инфрақұрылымдық жобалармен танысты. Қытай мәдени орталығына экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар аумақтың гастрономиялық және мәдени ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, Қорғас қаласының туристік сала өкілдерімен кездесулер өткізіліп, екіжақты ынтымақтастық пен жаңа туристік өнімдерді әзірлеу мәселелері талқыланды.

Мамандардың пікірінше, мұндай ақпараттық турлар өңірді заманауи әрі ашық туристік бағыт ретінде танытуға, халықаралық әріптестікті нығайтуға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →