×

Қазақстандық мамандар Өзбекстанға қоныс аударып жатыр: сарапшы себебін түсіндірді

Қазақстандық мамандар Өзбекстанға қоныс аударып жатыр: сарапшы себебін түсіндірді
TRT

Соңғы жылдары Қазақстаннан еңбек миграциясының бағыты өзгерді. Бұрын «ми ағыны» Еуропа, АҚШ немесе БАЭ-мен байланыстырылса, бүгінде мамандардың назарын Өзбекстан аударып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Digital Business-ке сілтеме жасап.

People Consulting компаниясының өкілі Арман Шоқпаров Қазақстаннан Өзбекстанға көшкен 63 респондентке экспресс-сауалнама жүргізді.

Кім кетіп жатыр?

Зерттеу нәтижесіне қарағанда, Өзбекстандағы типтік қазақстандық экспат – 31-35 жас аралығындағы, 11-14 жыл кәсіби өтілі бар ер адам. Яғни бұл жұмыс іздеген жас мамандар емес, орта буын басшылары мен тәжірибелі сарапшылар. Олардың жартысына жуығы (49%) Өзбекстанның қаржы секторында – банктерде, сақтандыру және брокерлік компанияларда жұмыс істейді.

Неге кетіп жатыр?

Басты себеп – жалақы. Сауалнама деректері бойынша, Өзбекстанға көшкен соң базалық айлық орта есеппен 50-100%-ға өседі. Респонденттердің 40%-ы жалақысы 100-200%-ға артқанын айтты. Респонденттердің жартысынан астамына жұмыс беруші тұрғын үй жалдау шығынын толықтай өтейді.

Екінші себеп – кәсіби даму мүмкіндігі. Өзбекстан белсенді өсу кезеңін бастан кешіруде, сондықтан көптеген қазақстандық сол жерде нөлден бірдеңе құруға мүмкіндік іздейді. Респонденттердің үштен бірі Қазақстан нарығы жеткілікті қызықты мүмкіндіктер ұсынбайды деп санайды.

Оралу жоспарлары жоқ

Зерттеудің ең алаңдатарлық тұжырымы: сауалнамаға қатысқандардың 63%-ы елге оралуды жоспарламайды. Көпшілігі Өзбекстанда 3-5 жылға қалуды немесе одан әрі Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияға секіру үшін оны «трамплин» ретінде пайдалануды жоспарлауда.

Қазақстан нені жоғалтып жатыр?

Сарапшылар мұны Қазақстан үшін кадрлық тәуекел деп бағалап отыр. Өйткені ел жоғары білікті мамандарды жоғалтып, олардың орнына жаңа кадрларды даярлау қажеттілігі туындайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →