×

Жаңаөзендегі мұнай компаниясында 130 заңбұзушылық анықталды

«Өзенмұнайгаз» штатына жұмысқа орналасу кезінде де заң бұзылған.

Жаңаөзендегі мұнай компаниясында 130 заңбұзушылық анықталды
Ашық дереккөздерден

Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаздың» жұмыс тобы «Өзенмұнайгаз» АҚ-дағы бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚМГ көшпелі жұмыс тобының телеграм каналына сілтеме жасап.

«Көлік құрылымдық бөлімшелердегі жол парақтарында кемшіліктер анықталды. Бұл мәселелерді шешу үшін жеке көлік пен арнайы техниканың тиімді пайдаланылуын бақылайтын жүйелі шараларды іске асыру жоспарланып жатыр. Сондай-ақ жер астындағы ұңғымаларды жөндеу жұмыстары жақсартылады. Бұл орайда әрбір жұмыс бойынша тиянақты сараптамалар жасалады», - дейді ведомство.

«Өзенмұнайгаз» штатына жұмысқа орналасу кезінде де заң бұзылған.

«Атап айтқанда, жалған сертификаттар мен жергілікті оқу орындарында оқығаны туралы куәліктер қолданылған болуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша материалдар Жаңаөзен қаласының прокуратурасына жолданды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар салалық мамандықтар бойынша персоналды жұмысқа алу процесін тексеру кезінде қабылданған 238 адамның 50-ге жуығы мамандық бойынша жұмысқа орналаспағаны немесе кейіннен басқа лауазымдарға ауыстырылғаны анықталды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары ӨМГ мен мердігер ұйымдарда еңбек заңнамасы бұзылған 130 фактіні анықтады.

Бұған дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері арасында сауалнама жүргізілген болатын. ҚМГ жұмыс тобы сол сауалнама негізінде 2150 өтінішті талдаған.

Айта кетейік, басынан бұлт арылмаған мұнай компаниясын тексеріп жатқан жұмыс тобының құрамында Төтенше жағдайлар министрлігінің Һнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлері бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді
Кеше, 12:16

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді
Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» электронды порталын іске қосу жоспарланып отыр
Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушыларға арналған дербес қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілген мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын ұсынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →