×

Қазақстандықтар eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады

Бұл функция алаяқтардан қорғайды

Қазақстандықтар eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
Tengrinews.kz/Алихан Сариев.

Қазақстандықтар eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады. Бұл функция алаяқтардан қорғайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамалық актілерге мыналарды көздейтін түзетулер әзірледі:

  • жеке тұлғаның банк қарыздары мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын бекіту. Бұл сервис "электрондық үкімет" веб-порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында іске асырылады;
  • қарыз алушының кредиттік тарихында кредит алудан ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған кезде банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін жеке тұлғаға кредит беруге тыйым салуды енгізу.

Ведомство мәліметінше, ереже жеке тұлғаны несие алуға тиісті тыйым болған жағдайда берілген несие бойынша міндеттемелерді орындаудан босатуды қарастырады.

Функция өзіңізді алаяқтардан қорғауға көмектеседі, сонымен қатар елден ұзақ уақыт кеткен жағдайда пайдалы болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі өркендеп келеді
17.05.2025ж. 19:22

Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі өркендеп келеді

2025 жылдың алғашқы төрт айында өндіріс көлемі 45 628 бірлікті құрады
Несиегерлердің міндеттемелерін орындамауына байланысты банк 2024 жылғы 12 наурызда жер учаскелерін аукционға шығарады
Бұл келісім Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асқан
Аяқ киім өндірісі Қазақстанда мүлде дамымаған сала болып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →