×

Ұранхаев облыстағы бюджет қаржысына байланысты заңбұзушылықтарды Ахметовке ысыра салды

Бұл туралы қоғам белсендісі Дидар Смағұлов мәлімдеді

Ұранхаев облыстағы бюджет қаржысына байланысты заңбұзушылықтарды Ахметовке ысыра салды
Коллаж: Qaz365.kz

Қоғам белсендісі, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Антикор өкілімен Абай облысына барып, сол жақтағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты былықтарды анықтаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев біз ашқан миллиардтаған теңгенің заңбұзушылықтарын  «өткен жылдардың қателігі» деп атады. Дәлірек айтсақ, облысты 10 жылға жуық басқарған Ахметовтің ісі деп отыр», – дейді белсенді. 

Бүгін Семейде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші орынбасары Дмитрий Малахов пен облыс әкімінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен. 

«Әкім жиналысқа (Алматыдағы Досаев секілді) өзі келіп, барлық арыз-шағымдарды тыңдады. Облыста болған 2 күн ішінде  Үржар және Жарма аудандарын аралап, сатып алу бойынша 6 миллиард теңгеге жуық соманың заң бұзушылықтарын анықтадық», –  дейді Дидар Смағұлов.

Ол 2020-2021 жылдарға су тартуға арналған ақша толығымен төлегенімен, судың өзі жоқ екен.  Бірақ  жеке жеткізуші компаниялар үшін бұрын-соңды болмаған жағдай жасалыпты. Соттың өзі оларға кеңпейілдік танытып жүрген көрінеді. 

«Бұл – ашықтан-ашық заңсыздық екені түсінікті. Миллиардтаған ақша бөлінді. Бірақ халық қарапайым жәрдемақы алмайды және оған ешкім жауап бермейді. Дмитрий Михайлович екеуміз діни молда емеспіз. Сондықтан Ахметовтың күнәсін кешірмейміз және кінәлілерді жауапқа тартуға тырысамыз», - деді блогер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты
Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді
Әсем құрақ құрап қана қоймай, жамылғы мен махаббат көрпесін тігудің тың техникаларын жете меңгереді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →