×

Француз компаниясы Қазақстанда жел электр станциясын салады

Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар

Француз компаниясы Қазақстанда жел электр станциясын салады
Akorda.kz

Мемлекет басшысы  Француз кәсіпкерлерімен кездесу барысында “Total Energies” директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуянненмен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронмен келіссөз барысында Total компаниясына айрықша мән берілгенін атап өтіп, компания еліміздің Франциямен стратегиялық серіктестігінде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Патрик Пуянне “Total Energies” компаниясы біздің елімізге 12 млрд доллар инвестиция салғанын айтып, алдағы уақытта да ең ірі инвесторлардың бірі болатынына сенім білдірді.

Олар сондай-ақ Қазақстанның энергетика секторындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылады. Компания қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салуға ниетті. Нысан 2026-2027 жылдары Қазақстанның оңтүстік-шығысында пайдалануға беріледі. Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Kaspi Alaqan: енді адамдар интернетсіз, алақанмен сауда жасай алады
Кеше, 22:13

Kaspi Alaqan: енді адамдар интернетсіз, алақанмен сауда жасай алады

Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды
Шаруашылықтың суармалы жерлерінің жалпы көлемі 730 гектарды құрайды
Бұл мыңдаған дизайнер, видеограф, копирайтер мен шағын агенттіктер үшін корпоративтік тапсырыстардан айырылу қаупін тудырады.
Оның жылдық өндірістік қуаты 70 мың автокөлікке дейін жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →