×

Қазақстан инвестиция салу жөнінен Орталық Азиядағы ең тартымды ел

Орталық Азиядағы ең тартымды ел болуы үшін инвестициялық саясатымызды үнемі жетілдіріп отырамыз – Тоқаев

Қазақстан инвестиция салу жөнінен Орталық Азиядағы ең тартымды ел
Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Францияға іссапы кезінде Француз жетекші компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Шараға Total Energies, Orano, Saint Gobain, Boehringer Ingelheim France, Soufflet Group, BPI France, Vicat, Syctom, Pellenc, FICT мал шаруашылығы қауымдастығы, Total Eren, PCM, Safran, Thales, Groupe EDF, Assystem, Alstom, Evolution International, MHB SAS, Exa International, Airbus, Rungis – Semmaris, MBDA, SOPREMA, Луи Викат және басқа да ірі компаниялардың басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық қоғамдастық бүгінде күрделі геосаяси және экономикалық мәселелермен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа сын-қатерлер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қиын-қыстау кезең – байланыс орнатып, серіктестікті дамыту үшін қолайлы уақыт.