×

Қазақстан Францияға не экспорттап, нені импорттайды

Қазақстанның Францияға экспорты – $1,9 млрд, импорт – $512,6 млн құраған

Қазақстан Францияға не экспорттап, нені импорттайды
baribar.kz

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте $2,5 млрд құрады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстаннан Францияға экспорт 5%-ға өсіп, $1,9 млрд құрады.

Қазақстаннан Францияға экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай - $1,7 млрд (үлесі 89,8%), уран - $146,5 млн (7,6%), титан және одан жасалған бұйымдар - $28 млн (1,5%), күкірт - $10,2 млн (0,53%), сутегі, инертті газдар және басқа бейметаллдар - $1,9 млн (0,1%), электр қозғалтқыштары мен генераторлары - $1,3 млн (0,07%).

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Франциядан Қазақстанға импорт 8,1%-ға өсіп, $512,6 млн құрады.

Франциядан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: вакциналар, қанның сарысуы, қан - $40,5 млн (үлесі 7,9%), турбореактивті және турбовинтті қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналар - $36,9 млн (7,2%), бөлшек сауда үшін буып-түйілген дәрілік заттар - $36,7 млн (7,2%), көмір электродтары - $22,4 млн (4,4%), радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура - $17,1 млн (3,3%), электр трансформаторлары - $15,1 млн (2,9%), хош иісті заттардың қоспалары - $12,7 млн (2,5%), гербицидтер - $11,9 млн (2,3%).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті
27.06.2025ж. 12:45

Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті

Көрме жәрмеңке форматында өтіп, қонақтарсатып алу мүмкіндігіне ие болған
Қазақстандық лоукостер Skytrax World Airline Awards 2025 жүлдесіне ие болды
Қазақстандық әуе тасымалдаушы Орталық Азия мен ТМД бойынша үздік деп танылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →