×

Jusan Bank тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды

Jusan Bank тобы 2021 жылы шетелге шығарылған болатын

Jusan Bank тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды
Kapital.kz / Руслан Пряников

 Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылы жоспарланған іс-әрекеттің салдарынан Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы бірқатар ірі активті қамтитын Jusan тобы шетелдік құзыретке шығарылған болатын. Қазақстан Үкіметі іс жүзінде топқа бақылау жасаудан айырылып қалды. Қазақстан Әділет министрлігінің өзге де мемлекеттік органдармен бірге қабылдаған іс-шараларының нәтижесінде Jusan тобы еліміздің құзыретіне қайтарылды. Қажетті құжаттарға қол қойылды», – деп атап өтеді ведомстводан.

Министрлік мәліметінше, топ Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен Қазақстан заңнамасына сай жұмыс істейтін болады.

«Jusan Bank Қазақстанның білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыруға міндеттеме алды. Банк бұған дейін алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады. Мемлекет басшысының сыртқа шығарылған активтерді қайтару тапсырмасын жүзеге асыру жалғасады»,– делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?
02.05.2024ж. 10:10

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →