×

FlyArystan кері шегінді: әуекомпания халықаралық рейстер туралы шешімін өзгертті

Әуемкомпания әуежайда тіркелуді ақылы еткен еді

FlyArystan кері шегінді: әуекомпания халықаралық рейстер туралы шешімін өзгертті
FlyArystan баспасөз қызметі

FlyArystan әуежайда халықаралық рейстерге ақылы тіркелу қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның жетекші лоукост әуекомпаниясы – FlyArystan, 2023 жылдың 3 шілдесінен бастап халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелуді іске қосты. Сондай-ақ, әуекомпания 2023 жылдың 3 тамызынан бастап орындалатын халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы қызмет болатынын жариялады.

Әуекомпания мәліметінше, ақылы тіркелу қызметін бүкіл әлемнің лоукост тасымалдаушылары әуежайда тіркеу процестерін оңтайландыру үшін пайдаланады.

“Ақылы тіркелу қызметін бүкіл әлемнің лоукост тасымалдаушылары әуежайда тіркеу процестерін оңтайландыру үшін пайдаланады.  Әуежайда ақылы тіркелу қызметін пайдаланушыға ұсыну –  жолаушыларға тегін онлайн тіркелу қызметіне ауысуға үлкен мотивация береді. FlyArystan-ның онлайн өнімін пайдалану тіркеу бағаналарында кезек күтетін жолаушылар санын азайтады және әуежайдағы рейс алдындағы процедуралардың жылдамдығын жеделдетеді. FlyArystan бұл өнімді 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі нарыққа шығарды және бұл үлкен жетістік болып табылады. Бұл өзгерістің нәтижесі таңқаларлық: жолаушылардың 80%-дан астамы қазір онлайн тегін тіркеледі. Бұл 1,3 миллионнан астам жолаушы әуежайлардағы кептеліс пен кезектерді болдырмау мүмкіндігін пайдаланғанын білдіреді. Әрине, бұл өнімді халықаралық бағыттарыда да ұсынуға FlyArystan өте қуанышты. Бұл, өз кезегінде, жаңа тұтынушыларға қаңтар айынан бастап ішкі бағыттардағы еркіндікті сезініп жүрген жолаушылардың қатарында болуға мүмкіндік берді”, – делінген хабарламада.

Өкінішке қарай, бұл қызметті іске қосу барысында FlyArystan күтпеген кедергілерге тап болып, туындаған мәселелерді шешкенше, бұл қызметті іске қосуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін сатып алған барлық жолаушыларға толық қайтарым жасалынады.

“FlyArystan осы қызметті болашақта жүзеге асыра алатынына және Қазақстанның авиация саласын дамытуға бағытталған цифрландыру стратегиясына толықтай сенімді. Осы жылдың 3 шілдесінен бастап халықаралық рейстерге әуежайда ақылы тіркелу басталғаны туралы хабарланғаннан кейін, тегін онлайн тіркелу қызметіне ауысудың нәтижелері таңқаларлық: жолаушылардың 60%-дан астамы халықаралық рейстерге FlyArystan қосымшасы арқылы тегін онлайн тіркеліп қойған. Бұл халықаралық саяхаттың ең тиімді әдісі және де жолаушыларымызға осы қарбалас кезеңде әуежайларда көп уақытты талап ететін кезектер мен кептелістерді болдырмауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?
Кеше, 10:10

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты
Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →