×

"Отбасы банк" депозиттерді сату қызметін тоқтатады

Бұл ретте банк депозиттерді туыстарына беру мүмкіндігін қалдырды

"Отбасы банк" депозиттерді сату қызметін тоқтатады
ЭК / Андрей Халин

"Отбасы банк" депозиттерді сату қызметі тоқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“2023 жылдың 21 тамызынан бастап Otbasy Bank-те Интернет-банкинг арқылы «Онлайн депозитті тағайындау (депозитті сату)» қызметінің жабылатыны туралы хабарлаймыз.

2023 жылдың 21 тамызына дейін депозитті сатып алу немесе сату процесін іске қосқан банк клиенттері көрсетілген күннен кейін Банктің осы қызметті көрсету шарттарына сәйкес стандартты режимде процестерді аяқтау мүмкіндігіне ие болады”, – делінген хабарламада.

Бұл ретте банк депозиттерді туыстарына беру мүмкіндігін қалдырды.

“Сондай-ақ «Отбасы Банкінде» сіздің туыстарыңызға депозиттер беру мүмкіндігі әлі де бар екенін еске саламыз. Мұны тек банк бөлімшелерінде ғана емес, Otbasy bank мобильді қосымшасында онлайн режимінде де жасауға болады. Процедура 5-10 минутты алады”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Назарбаевтың тұсында инвесторларға берілген «Теңізшевройл» сияқты кен орындарының келісімшарты қашан ашық айтылады?
13.09.2023ж. 11:14

Назарбаевтың тұсында инвесторларға берілген «Теңізшевройл» сияқты кен орындарының келісімшарты қашан ашық айтылады?

Алайда энергетика вице-министрі Асхат Хасенов сұраққа нақты жауап бере алмады
Осыдан бірнеше күн бұрын депутат әлеуметтік желіде Алматыдағы үйінің есігі алдында тұрған колясканы өртеп кеткен еді
Пайдаланушы конференция сайты тек орыс тілінде ұсынылғанына шағымданып, ал ұйымдастырушылардың чатында ол ыңғайсыз сұрақтары үшін бұғатталғанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →