×

Мухоряпов сабағын өтпеген KOLESA GROUP

Пайдаланушы конференция сайты тек орыс тілінде ұсынылғанына шағымданып, ал ұйымдастырушылардың чатында ол ыңғайсыз сұрақтары үшін бұғатталғанын айтады

Мухоряпов сабағын өтпеген KOLESA GROUP

Тағы да тілге қатысты жанжал орын алды. Бұл жолы 2023 жылдың 7 қазанында kolesaconf' 23 IT-конференциясын өткізбекші болып отырған «Kolesa Group»компаниясымен байланысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желі пайдаланушысы Ержан есімді азамат өзінің парақшасында конференцияға тіркелмекші болып, іс-шараның ресми сайтына кіргенде қазақ тілінің болмағандығына байланысты өз наразылығын білдірген.  

Пайдаланушы конференция сайты тек орыс тілінде ұсынылғанына шағымданып, ал ұйымдастырушылардың чатында ол ыңғайсыз сұрақтары үшін бұғатталғанын айтады. 

Пайдаланушының желідегі қалдырған пікірлеріне қатысты компания әлеуметтік желілердегі парақшаларында орын алған кибершабуылға байланысты жойылды делінген.

Оған байланысты, пайдаланушы: «Ойдан құраған, 20 мың кибертеррорист рухындағы шедеврлеріңзді тоқтатып, өздеріңді алып компания етіп отырған қазақ тілді аудиторияны сыйлаңыздар»,-деген.

Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар үшін қазақ тілді спикерлер мен контенттің жоқтығына шағымдар да айтылған. 

Пікірлерде желі қолданушысы Белла Орынбетованың:  «Қоғам арасында алауыздық туғызған, қазақ тілінде ақпарат сұраған адамды көпшілік алдында кемсіткен қызметкерлеріңізге қатысты қандай шара қолданасыздар?», - деген сұрағына, компания бұл жағдай бойынша қызметкерге қатысты ішкі зерттеу жұмыстары басталғанын хабарлайды. 

Қазіргі уақытта конференция сайты ішінара қазақ тіліне аударылып, компания кешірім сұрады.

«Kolesa Group» компаниясының инстагарм желісіндегі ресми парақшасы осы оқиғаға дейін тек қана орыс тілінде жүргізіліп келген. 

Ашық деректерде www.kolesa.kz,www.krisha.kzwww.market.kz сайттарының қызметін жүргізетін «КОЛЕСА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ» 2022 жылы 230 448 625 105 теңгетабыс тауып, 2015 жылдан бері жалпы сомасы 15 599 657 441 теңге салық төлегені көрсетілген.

Ал «Колеса Ломбард» желісінің қызметін жүргізетін «КОЛЕСА ГРУПП» ЖШС, 2022 жылы 1 277 196 466 теңге табыс тауып, 2017 жылдан бері жалпы сомасы 120 406 149 теңге салық төлеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Наурыз" бағдарламасы: Тұрғын үй бағасы шарықтап кетпей ме
Кеше, 12:45

"Наурыз" бағдарламасы: Тұрғын үй бағасы шарықтап кетпей ме

Үміткерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі
Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →