×

Отандық фермерлер малдың жүнін Қазақстан-Италия бірлескен кәсіпорына өткізе алады

Қазақстанда жүннің 70% жуығы кәдеге жаратылады

Отандық фермерлер малдың жүнін Қазақстан-Италия бірлескен кәсіпорына өткізе алады
qadam.asia

Ақтөбе облысында итальяндық технология бойынша өңделген жүннен тоқылған материалдар өндіріле бастайды, деп хабарлайды qaz365.kz  . Бұл жайында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі жазды.

2022 жылғы 26 қыркүйегінде Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, «CORMATEX S.r.l.» және «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға қол қойылды.

“Қазіргі уақытта Қазақстанда жүннің 70% жуығы кәдеге жаратылады. Жаңа жобаның ашылуы мультипликативті әсерге ие болады, соның арқасында қазақстандық мал өсірушілер малдың жүні мен терісін сатып, пайда таба алады”, ‒ деп жазды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі.

Жобаны «KazFeltec» ЖШС қазақстандық компаниясы итальяндық инвестор Cormatex-пен бірлесіп іске асыратын болады. Ол қаржы құюдан басқа кәсіпорынды итальяндық технологиялармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жобаның құны 10 млн долларға бағаланады, оның 70% қарыз сомасын құрап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді
Кеше, 12:16

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді
Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» электронды порталын іске қосу жоспарланып отыр
Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушыларға арналған дербес қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілген мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын ұсынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →