×

Қызылордада «Амал келді, Жыл келді» атты мерекелік шара өтті

Қатысушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады

Қызылордада «Амал келді, Жыл келді» атты мерекелік шара өтті
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

14 наурыз – Көрісу күніне орай Қызылорда қаласында «Амал келді, Жыл келді» атты думанды мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық мәдени-тынығу паркінің кіреберіс алаңында өткен іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, түрлі этнос өкілдері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жастар ұйымының белсенділері қатысты.

Мерекелік шараның басты мақсаты – еліміздегі бірлік пен татулықты нығайту, көпұлтты қоғам арасындағы достық пен өзара құрметті дәріптеу.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады. Бағдарлама аясында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, арқан тартыс, қол күрес, ләңгі тебу сынды сайыстар көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрінен тағылымды көріністер көрсетіліп, қала өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды. Ән мен күйге, ұлттық ойындарға ұласқан шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астанада экологиялық квиз өтті: жастар «ТазаҚазақстан» акциясына белсенді қатысты  
2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейін бір ғана қол жүгі кіреді
Қазіргі уақытқа дейін «KTZ Express» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →