×

Атырау облысындағы екі ірі мұнай компаниясына 10,7 млрд теңге айыппұл салынды

Заңнама талаптары сақталмаған

Атырау облысындағы екі ірі мұнай компаниясына 10,7 млрд теңге айыппұл салынды
news.myseldon.com

Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 миллиард теңгеге толықтырды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

"​Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

​Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен Karabatan Utility Solutions ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

​Осылайша, прокуратура уақытылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 миллиард теңге болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асима Нарбекқызы: Инвестиция тартудан көшбасшы елміз
16.09.2024ж. 15:04

Асима Нарбекқызы: Инвестиция тартудан көшбасшы елміз

Әртараптандыру дегеніміз – тек бір сала не бір бағытта ғана жұмыс істеу емес, түрлі салалар бойынша жұмылдыруды қажет ететін процесс

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →