×

Мораторийдің күші жойылады: Кәсіпкерлерге тексеру қалай жүргізіледі

Кәсіпкерлерді тексерудің әрқайсысы Комитетте тіркелуі керек

Мораторийдің күші жойылады: Кәсіпкерлерге тексеру қалай жүргізіледі
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аға прокуроры Олжас Жұмабаев мораторийдің күші жойылғаннан кейін кәсіпкерлерді не күтіп тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Брифингтердің бірінде сөйлеген аға прокурор Олжас Жұмабаевтың сөзінше, Бас прокуратура комитеті – тексерулерді бақылайтын және қадағалайтын орган. Кәсіпкерлерді тексерудің әрқайсысы Комитетте тіркелуі керек. Тексерулерді тіркеу тәртібі Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі. Егер сізге тексерумен келсе, оның өзі тіркелуі тиіс.

«Бұл ретте бақылау және қадағалау органы тексерудің белгіленгені жөніндегі акт пен ұйғарымды қағаз жүзінде сізге көрсетуі керек. Сізге күндердің күні тексеру келуі мүмкін екеніне көз жеткізу үшін БИН немесе ЖСН арқылы QamQor мобильді қосымшасынан көруге болады. Егер сізге тексеру белгіленсе, қосымшада ол көрініп тұрады», – деп түсіндіреді аға прокурор.

Мораторийдің күші жойылды деген сөз бақылау және қадағалау органы, салық органы кәсіпкерлерді бірден тексере кетеді дегенді білдірмейді. Ол үшін негіз керек немесе тексерулер алдын ала бақылау немесе қадағалау мақсатында да жүргізіледі.

«Тексеру басталғаннан кейін тексерушілер сізді тексеру актісімен немесе тексеру парағымен таныстыруы керек. Ол парақта тексеруге жататын мәселелер қамтылады. Тексерулер бізге негіздер бойынша тіркеледі. Егер тексеру заңсыз немесе негізсіз болса, ол да бізде тіркеледі. Сіз тексерушілерден тексеру актісін немесе парағын талап ете аласыз», – дейді аға прокурор.

Тексеруді белгілеу кезінде олар міндетті түрде 30 күнтізбелік күн бұрын ескертуі керек. Алайда оларға жоспардан тыс тексерулер кірмейді. Егер жеке тұлғалардан өтінім келіп түссе, тексеру ескертусіз жасалады. Ал егер тексерумен немесе оның қорытындысымен келіспесе, кәсіпкер сотқа жүгіне алады. Аға прокурордың айтуынша, егер жоспардан тыс тексерулер барысында заңбұзушылықтар анықталса, жауапкершілік қарастырылса, шаралар бірден қабылданады.

Еске сала кетейік, мораторийдің күші жойылғаннан кейін кәсіпкерлердің бәріне тексеру қаупі төніп тұрған жоқ. Десе де, айылды жиып жүрген абзал. Бұған дейін біз салық тексеруі белгіленген 750 кәсіпкердің тізімін жариялағанбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?
Бүгін, 10:10

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты
Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →