×

2024 жылы Kaspi аударымдармен қалай жұмыс істеу ыңғайлы?

Мобильді төлем арқылы қалай жұмыс істеу керек

2024 жылы Kaspi аударымдармен қалай жұмыс істеу ыңғайлы?
Фото: tengrinews.kz

Kaspi.kz мобильді аударымдарға байланысты дәл қазір қазақстандықтарды толғандыратын сұрақ-жауаптарды жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

1. Мен кәсіпкермін. Жеке мақсатта Kaspi Gold-қа ақша аударымын ала аламын ба?

Жеке тұлғалар жеке мақсатта Kaspi Gold-қа ақша аудара алады.

Егер тауарларыңыз немесе қызметтеріңіз үшін төлемді Kaspi Gold-қа алсаңыз, бұл соманы салық есебінде кіріс ретінде көрсетуіңіз керек.

Заңнаманың талаптарын сақтау үшін және жеке қаражатыңыз бен бизнестің ақшасын бөлу үшін төлемді кәсіпкерлік шотқа алғаныңыз жөн.

Бизнеске арналған Kaspi Pay қосымшасында сіз мұндай шотты тегін аша аласыз, сондай-ақ фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны қоса аласыз.

2. Мен кәсіпкер емеспін. Жеке мақсатта ақша аударымын Kaspi Gold-қа ала аламын ба? 

Жеке тұлғалар жеке мақсатта сізге Kaspi Gold-қа ақша аудара алады.

Егер тауарларыңыз немесе қызметтеріңіз үшін төлемді Kaspi Gold-қа қабылдасаңыз, ЖК-ні тіркеп, төлемді кәсіпкерлік шотқа, мысалы, Kaspi Pay-ге алып, салық есебінде оны кіріс ретінде көрсеткеніңіз жөн. Kaspi Pay-де сондай-ақ фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны тегін қоса аласыз.

3. Ақша аударымы туралы деректер қандай өлшемшарттар бойынша салық органына беріледі?

Заңнамаға сай салық органының сұратуымен барлық банк қатарынан 3 айдың ішінде әртүрлі адамдардан шоттарына айына 100-ден астам аударым алатын жеке тұлғалардың тізімін беруге міндетті.

  • 2023 жылы мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайы (зайыбы) туралы ақпарат беріле бастады.
  • 2024 жылы тізімге мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) қосылады.
  • 2025 жылы жеке кәсіпкерлерді, компания басшыларын, құрылтайшылары мен акционерлерін, сондай-ақ оларда үлесі бар адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы) тізімге қосылады.
  • 2026 жылы бұл барлық жеке тұлғаға қатысты болады.

Барлық жағдайда деректер алдыңғы жыл үшін беріледі.

Салық органы осы адамдарға қатысты тексеруді бастауы мүмкін, сонда кез келген банк олардың шоттары бойынша барлық операция туралы ақпаратты беруге тиіс.

Егер тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді жеке шоттарыңызға ақша аударымы арқылы қабылдасаңыз, кірістен салық төлеуіңіз керек. Төлемегені үшін айыппұл: салық сомасының 200%-ы немесе, егер салық 50 000 АЕК-тен көп болса, қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Кәсіпкерлік қызмет үшін ЖК-ні тіркеп, төлемді бизнес-шотқа, мысалы, Kaspi Pay-ге алып, салық есебінде оны кіріс ретінде көрсеткеніңіз жөн. Kaspi Pay-де сондай-ақ фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны тегін қоса аласыз.

4. Мен кәсіпкермін. Тауарлар немесе қызметтер үшін ақша аударымын Kaspi Gold-қа қабылдай ала аламын ба? 

Kaspi Gold жеке тұлғалардың жеке мақсатына арналған және кәсіпкерлік қызметке арналмаған. Егер тауарлар мен қызметтер үшін төлемді ақша аударымы арқылы Kaspi Gold-қа алсаңыз, осы соманы салық есептілігінде кіріс ретінде көрсетуіңіз керек.
Заңнаманың талаптарын сақтау үшін және жеке қаражатыңыз бен бизнестің ақшасын бөлу үшін төлемді кәсіпкерлік шотқа, мысалы, Kaspi Pay-ге алғаныңыз жөн.

5. Бір айда әртүрлі адамдардан қанша ақша аударымын алғанымды қалай білемін?

Kaspi Gold-қа ақша аударымы жайлы мәліметтерді Kaspi.kz мобильді қосымшасында көре аласыз: «Жеке Банк» сервисінде Kaspi Gold, содан кейін Көшірме → Операциялар → Толықтырулар деп таңдаңыз.

6. Мен кәсіпкермін. Төлемді тек қолма-қол ақшамен қабылдай аламын ба?

Заң бойынша кәсіпкерлер төлемді қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз қабылдауға міндетті.

Сатқан әр затқа клиентке фискалдық чек беріп, кіріс сомасын салық есебінде көрсетуіңіз керек.

Егер сатып алушыға картамен немесе QR арқылы төлем жасаудан бас тартылса, ол кәсіпкерге шағымды МКК-ге жолдай алады. Сондай-ақ бизнесіңізді салық органы тексеруі мүмкін. Бұзушылық болған жағдайда бірінші рет ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда: бизнестің көлеміне қарай 40-тан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Заңнаманың талаптарын сақтау үшін және айыппұлдан қорықпау үшін Kaspi Pay-ге қосылып, кәсіпкерлік қызметке арналған шот аша аласыз және фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны тегін қосуға болады.

Салықшылардың айтуынша, төлемнің басқа түрі бола тұра, тек қолма-қол ақша сұрау заңсыз.

«Төлемдерді қабылдамаса (QR, постерминал), заңсыз. Мобильді аударымдарды тек жеке мақсатта қолдануға болады. Ал кәсіпкерлік ретінде тек мобильді төлем арқылы қабылдай алады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы Мемлекеттік кіріс органдарына хабарлау қажет», – деді Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты
Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді
Әсем құрақ құрап қана қоймай, жамылғы мен махаббат көрпесін тігудің тың техникаларын жете меңгереді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →