×

Қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлер қанша теңге айыппұл төлейді - Қаржы вице-министрі жауап берді

Ол такси жүргізушілерінің қызметіне қатысты мәселеге тоқталды

Қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлер қанша теңге айыппұл төлейді - Қаржы вице-министрі жауап берді
Фото: egemen.kz

Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлікті «көлеңкеден» шығаруға бағытталған. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кейбір кәсіпкер сатылған тауарлар мен қызметтер үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Соған сәйкес түбіртек (чек) берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, мемлекет мобильді аударымдардың барлығын бірдей тексермейді. Түрлі тұлғалардан 3 ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана тексеруге жатады. Яғни кәсіпкерліктің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.

«Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобильді аударымдар жасап, қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ», – деді Біржанов.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормаларына сәйкес түрлі төлем түрлері бар. Мысалы, банк картасы, QR-төлем немесе қолма-қол ақша арқылы. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз. Мұндай жағдайда тұтынушылардың құқығы бұзылады.

«Кәсіпкерлер төлем карталары арқылы төлемдерді қабылдаудан бірінші рет бас тартса, онда ескерту беріледі. Ал мұндай құқық бұзу қайталанса, онда 147 680 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет», – деді вице-министр.

Ол такси жүргізушілерінің қызметіне қатысты мәселеге де тоқталды.

«Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны e-Salyq Business, eGov mobile мобильді қосымшалары және кейбір екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы жасауға болады. Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимінде кәсіпкерлік банк шотын ашуға болады. Онда көрсетілген қызметтер үшін төлемдер алынады. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ. Қазіргі таңда салық міндеттемелерін адал орындау әлдеқайда тиімді», – деді ол.

Оның сөзінше, бүгінде салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді, салық ставкалары кәсіпкерлік түрлеріне байланысты тек 1%-дан 4%.

«Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобильді аударымдар қабылдаса, онда ол қазірдің өзінде «көлеңкеде» қалып, салық бақылауына түседі. Бұл ретте мобильді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді», – деді Ержан Біржанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?
Бүгін, 10:10

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты
Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →